неделя государственного языка
Қазақ тілі апталығы 12-17 қараша аралығында өтті. Апталық тақырыбы: «Өнер алды – қызыл тіл». Дүйсенбі күні апталық ашылуы ұйымдастырылды. Қазақ тілі мұғалімдері үзілісте қазақтың ұлттық ойындарын өткізді. «Қаражорға» биін биледі. 5-11 сыныптарға викториналар таратылды. Оқушылар викторинадан білімдерін жоғарлығын танытты. Бейсенбі күні «Өнер алды –қызыл тіл» деген кешкі сайыс өткізілді. Оқушылар 2 топқа бөлінді. Сайыста балалар өз білімдерін ортаға салды. Жұма күні апталық салтанатты линейка ұйымдастырылды. Апта бойы белсенділік танытқан сыныптарға мақтау қағаздары берілді, жеңімпаздар мақтау грамоталары және тәтті сыйлықтармен марапатталды.